Жемқорлық туралы хабарлаған жеті адам 1,5 млн теңге сыйақы алды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысында жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 7 тұлғалар ынталандырылды. Оларға 1 161 520 теңге сыйақы берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыста осы жарты жылдықта 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 7 – сі жұмыстан босатылды. Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды (35 адам), сондай-ақ 7 адамға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді. Бұл ретте жазаланғандар арасында - 16 басшы қызметіндегі тұлғалар болды.

Сондай-ақ, жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1 161 520 теңге сомасына 7 тұлғалар ынталандырды. Бұл көрсеткіш іс жүзінде өткен жылдың 12 айы нәтижелеріне тең және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға азаматтардың үлкен белсенділігінің көрінісі болып табылады.


Соңғы жаңалықтар