Жемқорлық туралы ақпарат бергендерге 25 млн теңге төленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алу фактілері туралы мәліметтер бергендерді ынталандыруға қанша қаржы жұмсалғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы салалардың барлығында Агенттік қоғамдық ұйымдар, сарапшылар қоғамдастығы және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді алдын алу шараларын жүргізгендігін тағы да атап өтемін. Тіркелген жемқорлық қылмыстарының бірқатары жағдайға бей-жай қарамаған азаматтардың өтініші арқылы анықталды», - деді аталған агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Оның сөзіне қарағанда, биыл сыбайлас жемқорлық фактілері туралы расталған хабарламалары үшін 180 азамат 25,8 млн теңгеге ынталандырылды. Төленетін осы ынталандыру сыйақысы анықталған құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай беріледі.

 «Жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс сапасының артуы елеулі әсер етті. Сонымен қатар, азаматтық бақылау, барлық мақсатты топтармен кең көлемді ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар бойынша өңірлік үкіметтік емес ұйымдарының белсенді жандануы жағдайды жақсартудың маңыздығы аз емес факторы болды», - деді аталған агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, білім беру саласында жемқорлық фактілері төмендеді.

 

Соңғы жаңалықтар