+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Жемқорлық қылмыстары жиі жасалатын 5 министрлік аталды

2020 жылғы 13 ақпан 12:12
Бөлісіңіз:
Жемқорлық қылмыстары жиі жасалатын 5 министрлік аталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қай өңірдің полицейлері жемқорлыққа бейім – Агенттік есебі Екібастұзда 50 мың теңге пара алған басшы 1 млн теңге айыппұл төлейді Шымкентте су ресурстарын қорғау инспекторы парамен ұсталды

«Құқықтық статистика органдарының мәлімдеуінше, 2019 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 1002 адам сотталды, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 7%-ға аз. Олардың арасында орталық мемлекеттік органдардың қызметшілері (515), жергілікті атқарушы орган қызметкерлері (261), квазимемлекеттік секторда (37) және өзге де тұлғалар (189) бар», - деді Анар Жарова агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Оның айтуынша, орталық мемлекеттік органдар ішінде алғашқы бестікке Ішкі істер (297), Қаржы (49), Қорғаныс (29), Индустрия және инфрақұрылымдық даму (20) және Ауыл шаруашылығы (19) министрліктері кіреді.

«Бұл қылмыстар аталған министрліктердің аумақтық бөлімшелерінде немесе ведомстволық бағынышты ұйымдарында жасалған», - деді Анар Жарова.

Бұған дейін агенттіктің Әкімшілік-құқықтық департаменттің бас сарапшысы Ерік Бишібеков жемқорлық туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төлеу қағидаларын түсіндірген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT