Жемқорлық қай өңірде төмен екендігі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің қай өңірінде жемқорлық деңгейі төмен екендігі анықталды. Бұл туралы бүгін Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жөніндегі ІІІ республикалық форумда Стратегиялық бастамалар орталығының директоры Бақытжан Саркеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адалдықтың жалпы рейтингінде екінші жыл қатарынан Солтүстік Қазақстан облысы көшбасшы болып тұр. Үздік үштікке Ақмоламен Қызылорда облыстары кіреді. Ең төменгі рейтинг Маңғыстау, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Дегенмен, бұл рейтингке қарамастан барлық облыстарда кәсіпкерлер жеқорлыққа тап болып жатады», - деді Б.Саркеев.

Сонымен қатар, орталық директоры мемлекеттік органдар арасындағы жемқорлық деңгейіне қатысты деректермен де бөлісті.

«Аумақтық бөлімшелер арасында жемқорлық ішкі мемлекеттік аудит қызметінде, АӨК-тегі мемлекеттік инспекцияда және көліктегі бақылау қызметінде кеңінен тараған. Егер әкімдіктер басқармасын алып қарайтын болсақ, жемқорлық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармаларында тіркеледі. Негізінде құрылыс және жер қатынастарының кәсіпкерлерге барынша қатысы бар. Сондықтан пара арқылы шешілетін мәселелер туындайды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар