+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарға 2 жылда 58,9 млн теңге төленген

2021 жылғы 9 сәуір 18:26
Бөлісіңіз:
Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарға 2 жылда 58,9 млн теңге төленген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органдары 2019 жылдан бері жемқорлық фактісі туралы мәлімет берген 396 адамға 58,9 млн теңге сыйақы төлеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл 4,5 мыңға жуық деструктивті интернет-контент анықталды «Хай-тэк» операциясы: Қылмыстардың басым бөлігін интернет-алаяқтық құрайды Америкаға қашып кеткен Қазақстанның 3 азаматы ұсталды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдары жеқорлық фактісін хабарлаған 396 азаматты жалпы сомасы 58,9 млн. теңгеге ынталандырды. 2019 жылы – 214 тұлғаға 31,8 млн теңге, 2020 жылы 182 тұлғағы 27,1 млн теңге төленді. 2020 жылы көтермеленгендердің 122-сі ауыр қылмыстар туралы мәлімет берді. Орташа ауырлықтағы істер бойынша 55, шағын-2, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін үш адам марапатталды», - деді агенттіктің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров.

Ол, сондай-ақ, азаматтар негізінен пара беру және алу, делдалдық, ақша жымқыру фактілері туралы хабарлайтынын жеткізді. Соның арқасында биыл лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіктерін теріс пайдалануы бойынша тағы 5 факт анықталған.

«Биыл әзірге жемқорлық фактісін мәлім еткен 213 адамды көтермелеуге бюджеттен 33,9 млн теңге бөлінді», - деді ведомство өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT