+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Жемқорлық дауына қалған Зерендінің әкімі қызметінен кетті

2019 жылғы 19 қыркүйек 13:37
Бөлісіңіз:
Жемқорлық дауына қалған Зерендінің әкімі қызметінен кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Берікжан Әбутәліпов өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы аудан әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің өз еркіммен берілген өтінішіме сәйкес аудан әкімі қызметінен кеттім. Сіздермен жұмыс істеп, ауданды дамытуға белгілі бір үлесімді қосқаным мен үшін үлкен ізет болды. Қызметімдегі басты мақсаттарының бірі етіп аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, туризмді, кәсіпкерлікті дамытуды белгілегенмін, әрқашан халыққа ашық болып, көтерілген күрделі мәселелерді жедел шешуге тырыстым», -деді Зеренді ауданының әкімі Берікжан Әбутәліпов.

Еске салсақ, өткен аптада әлеуметтік желілерде және ақпарат агенттіктерінің сайттарында жергілікті кәсіпкерден пара алу кезінде Зеренді ауданының әкімі мен ТКШ бөлімі басшысының парамен ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Жұртты дүр сілкіндірген ақпаратқа байланысты әкімдік аудан басшысының ұсталғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген еді. Ал, ТКШ бөлімі басшысына қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын растаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT