+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынбақ

2019 жылғы 31 қазан 14:04
Бөлісіңіз:
Жемқорларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынбақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жемқорлардың түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуына тыйым салынбақ. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында жемқорлық фактілері жиі кездесетін салаларға мониторинг жүргізілді Алматы облысында аумақтық инспекция өкілдеріне 21 млн теңге айыппұл салынды Алматы аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін 4 жылға сотталды

«Жоғарғы соттың сот корпусын «тазалау« мәселесіндегі белсенділігін ескере отырып біз бірлескен күш-жігерімізбен фемида қызметкерлерін әшкерелейміз. Осы жылдың өзінде бесеуі сотталды. Осыған орай, агенттік құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьялардың жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейтуге бастамашылық жасады. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыстар бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға шектеу ұсынылды», - деді агенттік төрағасы.

А.Шпекбаевтың айтуынша, соңғы үш жылда кешенді алдын-алу шараларының нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың саны 14 пайызға азайған. Қылмыстың негізгі бөлігі – парақорлық (850), ұрлық (714) және билікті асыра пайдалану (224) фактілері. Жыл басынан бері 1028 тұлға әшкерленді, оның 23-і республикалық және 86-ы облыстық деңгейдегі басшылар.

«Келтірілген залалдың мөлшері едәуір артты – 23,2 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көп. Оның 94 пайызы өтелді», - деді А.Шпекбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT