Жемқорлардан қайтарылған ақша мектеп құрылысына қалай жұмсалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет кулуарында жемқорлардан алынған ақшаның қалай жұмсалатыны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайлы мектеп» жобасына жұмсалатын 2,6 трлн теңге жемқорлардан алынған қаражат есебінен бөліне ме?» деп сұрады БАҚ өкілі министрден.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы айтсақ, оған бөлінетін 2,6 трлн теңге толығымен республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Мұның алдында бізде мектеп салуға қажетті қаражаттың бір бөлігі республикалық бюджеттен, бір бөлігін жергілікті әкімдер бөлетін. Бірақ, өзеріңіз көріп отырсыздар, көптен бері бұл мәселе шешілмеген. Өйткені жергілікті бюджеттен қаражат толық қарастырылмайтын. Қазіргі уақытта бұл мәселені бір дегенде толығымен шешіп тастау үшін қаражат түгелдей республикалық бюджеттен қарастырылды. Бірақ бұған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тиісті қор құрылады», - деді министр.

Айтуынша, аталған қордың аясында да жұмыс жүргізілмек.

«Оны біз қарап отырмыз. Қазір ережелері дайындалып жатыр. Келесі жылдан бастап іске асырамыз деп дайындық жұмысын жүргізіп отырмыз. Бұл қаражат та аталған проблеманы толығымен шешуге бағытталады», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар