Жеміс-жидекпен тамақтанған жүкті әйел вундеркинд баланы дүниеге әкеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың тұжырымдауынша, жүкті әйелдің тағам рационында жеміс-жидек көп болса, нағыз зерек баланы дүниеге әкеледі, деп жазды Pravda.Ru.

Ғалымдардың экспериментіне 600-ден астам жүкті әйел қатысқан. Аяғы ауыр кезінде барынша көп жеміс-жидек жеген әйелдердің сәбилері ұғымтал, зерек болып өскен. Ауқымды эксперимент аясында мұндай бүлдіршіндердің өз қатарластарынан әлдеқайда ақылды болатындығы анықталды.

Мамандар әйелдердің жүктілігін және жеген тағамдарын мұқият бақылады. Кейінірек, дүниеге келген сәбилерді де жіті қадағалауға алды. 

Соңғы жаңалықтар