Жеміс Тұрмағамбетова Ұлттық кеңес отырысына қатысты пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Адам құқығына арналған хартия» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетова Президенттің қатысуымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бүгінгі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысын өте жақсы бағалаймын. Маған Президенттің адам құқығы туралы сөйлеген сөзі әсер етті. Атап айтқанда, Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар кеңсесі әзірлеген 14 жаһандық индикаторды ұстанатын болады», - дейді ол.

Еске салсақ, Ұлттық кеңестің бесінші отырысы өтті.

Өткен жылы 22 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы, ал 2019 жылы 6 қыркүйекте алғашқы отырысы болды.


Соңғы жаңалықтар