11:27, 01 Қыркүйек 2021 | GMT +6
Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн - Мемлекет басшысы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Егімс алқаптарына қатысты ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен пайдалану керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ауа райының қолсайсыздығы мал шаруашылығындағы түйткілді мәселелер бар екенін көрсетті. Біз жедел шара қабылдап, жем-шөп тапшылығына байланысты ахуалды реттедік. Дегенмен, бұл салада әлі де жүйелі жұмыс атқару керек. Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн, сондай-ақ егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейткен абзал», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен пайдалану керек екенін атап өтті.