«Желтоқсанның 16 күні» деректі фильмін Youtube-тен көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Qazaqstan» ұлттық арнасы Тәуелсіздік күніне орай дайындаған арнайы жоба - «Желтоқсанның 16 күні» атты деректі фильмді Youtube видеохостингінен көруге болады.

Архив құжаттары мен нақты деректерге негізделген фильм еліміздің тарихи кезеңі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке қол жеткізуіне арқау болған, 1991 жылдың желтоқсанында орын алған саяси оқиғалар туралы баяндайды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің эксклюзивті сұхбатында КСРО мен басқа да кеңестік республика басшылары арасындағы қарым-қатынас, сол кезеңдегі негізгі оқиғалар мен Қазақстанның алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың күрделі міндеттері туралы естеліктерімен бөлісті.

«Желтоқсанның 16 күні» арнайы жобасының жетекшісі - Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, фильм авторы - «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ерлан Қарин, режиссері - Дмитрий Богомолов.

Деректі фильм 18 желтоқсан күні «Qazaqstan» телеарнасында көрсетілген болатын.

Соңғы жаңалықтар