+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Желтоқсанда «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобаны толықтай пайдалануға беріледі

2019 жылғы 12 қараша 17:46
Бөлісіңіз:
Желтоқсанда «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобаны толықтай пайдалануға беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда мен Павлодар аралығын жалғайтын автобан биыл желтоқсанның басында толықтай пайдалануға беріледі. Бұл туралы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында ғана Павлодарға барып келдім. Осы бағытта бізде төрт учаске бар. Биыл олар толықтай ашылады. Шідерті маңындағы көпірде атқарылатын жұмыстар қалды. Бір жағында балкалар орнатылды, ал екінші жағындағы балкаларды алдағы апта қоямыз. 1 желтоқсанда қозғалысты толық ашамыз. Қазіргі кезде төрт жолақ бойынша жол бар, тек осы көпірді айналып өту жолы ғана қалып отыр», - деді Ұ. Әліпов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл сәуір айында «ҚазАвтоЖол» компаниясына «Нұр-Сұлтан-Павлодар» тас жолы 2019 жылы толығымен пайдалануға берілетінін мәлімдеген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT