Желтоқсанда Қазақстанда қосымша пойыздар жүреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғындар сұранысының артуына байланысты мереке күндері үш бағытта жүретін қосымша үш пойыз қозғалысы ұйымдастырылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жүреді:
Алматы-2 - Шымкент - ағымдағы жылдың 14, 28 желтоқсан күндері «Алматы-2» вокзалынан және 15, 29 желтоқсан күндері Шымкенттен шығатын 2 рейс.
Астана-1 - Павлодар - ағымдағы жылдың 14, 18, 28 желтоқсан күндері «Астана-1» вокзалынан және 15, 19, 31 желтоқсанда Павлодар қаласынан шығатын 3 рейс.
Астана-1 - Алматы-1 - ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында «Астана-1» вокзалынан және 31 желтоқсанында Алматы-1 вокзалынан шығатын 1 рейс.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 желтоқсанынан бастап «Қарағанды-Томск» бағытындағы №363/364 жаңа бағдар іске қосылады.
Мереке күндері жоғры сұранысқа ие бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға 700-ден астам қосымша тіркеме вагондарын енгізу жоспарланып отыр:
ҚР Тұңғыш Президенті күніне - 200-ден астам вагон (2018 жылдың 30 қарашасынан 4 желтоқсанға дейін)
ҚР Тәуелсіздік күні - 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 15-19 желтоқсан күндері)
Жаңа жыл мерекесіне - 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 28 желтоқсан - 3 қаңтар аралығында)
Толық ақпарат алу үшін жолаушылардың теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдеріне немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуына болады.
- Елордада ер адам «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көлікпен жүрген
- 300 мың адам вакцина қабылдаса, елордада індеттің өсуі тоқтайды –денсаулық сақтау басқармасының басшысы
- Елордада мамыргүл бағы пайда болады
- Алматыда халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жанып жатқан көлікті сөндірді
-
Павлодар облысында автобус тракторға соғылды
-
Нұр-Сұлтанда газдандыру қалай жүріп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам