Желтоқсанда елордаға шетелден келген жолаушылардан коронавирус табылған жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова өзге елдерден келген жолаушылардан коронавирус табылмағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге бас мемлекеттік санитар дәрігердің №51 қаулысында анықталған 10 елден келген барлық жолаушы туралы әуежай қызметінен нақты мәліметтер келіп түседі», - деді Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, бұл деректер Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына беріледі және әрі қарай аумақтық емханаларға тіркеледі.

«Әрбір емхана өзінің аумақтық бекітілуі бойынша осы адамдардың үй карантинін сақтауын бақылауға алады. Әзірге 3 желтоқсаннан бастап осы елдерден 227 адам келді. Барлық 227 адам тексерілді, бәрінің ПТР нәтижелері теріс, десе де олар үйдегі карантинді қатаң сақтауда», - деп қорытындылады дәрігер.


Соңғы жаңалықтар