Желтоқсанда айлық инфляция 0,7 пайыз болуы тиіс - Ерболат Досаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желтоқсанда айлық инфляция 0,7 болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының инфляцияны осы жылдың соңына таман 8,5 пайызға дейін төмендету жөніндегі тапсырмасын іске асыру нәтижесінде қарашада бағаның жылдық өсімі 8,9 пайыздан 8,7 пайызға дейін баяулады. Осыны ескерсек, желтоқсанда айлық инфляция 0,7 пайыз болуы тиіс. Бұл ретте орташа көрсеткіш 5 жыл ішінде 0,8 пайызды құрады», - деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, қарашаның қорытындысында жылдық инфляция 8 айда алғаш рет азық-түлік инфляциясының 11,3-тен 10,9 пайызға дейін, сондай-ақ ақылы қызметтердің 6,9-дан 6,4 пайызға дейін тежелуі аясында 8,9-дан 8,7 пайызға дейін баяулады.

Қарашада айлық инфляция 0,7 пайыз болды және 5 жыл ішінде орташа мәннен төмен қалыптасты.


Соңғы жаңалықтар