Желтоқсанда Алматыда аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өткізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 21 желтоқсанда Алматы қаласында MMA «TITAN FC 51» аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, турнир аясында бірнеше жекпе-жек өткізіледі, оның екеуі «TITAN FC» тұжырымы бойынша Әлем чемпиондарының белбеуі сарапқа салынады. Жарыста Қазақстаннның жекпе-жек шеберлері АҚШ, Бразилия, Куба, Канада және тағы басқа алпауыт мемлекеттерден келген әйгілі спортшылармен күш сынасады. Еліміздің намысын 15 спортшы қорғайды.  

Аталған іс-шараны АҚШ-тың «UFC FIGHT PASS» каналы әлемнің 150 еліне тікелей эфирден таратады.  Сонымен қатар Қазақстан мен ТМД-ның жергілікті арналарында тікелей эфирден көрсетіледі.

Ұйымдастырушылардың мәлім етуінше, шет елде бұл спорт түрі өте қарқынды дамыған. Мәселен UFC тұжырымы футбол мен бокс сияқты спорт түрлерінің қаралым рейтингтерімен бәсекеге түсуде.  

Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өтетін чемпионаттың ұйымдастырушылары аралас жекпе-жектен халықаралық TITAN FC ұйымы және ALEMFIGHTERS клубы. Турнирдің құрметті қонақтары UFC-дің танымал чемпиондары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоғамдық және саяси қайраткерлері, спорт және шоу-бизнес жұлдыздары болмақ.  

«Турнир мақсаты - халықаралық деңгейдегі жарыстар ұйымдастыра отырып жастардың спортқа қызығушылығын тудыру және TITAN FC тұжырымы арқылы UFC-ге қазақ спортшыларын кіргізу», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар