«Желтоқсан - тәуелсіздік жаңғырығы» - Алматыдағы көрме осылай аталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 12 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған «Желтоқсан - тәуелсіздік жаңғырығы» атты көрме өтеді.

Келушілер желтоқсан оқиғасына қатысушылардың жеке заттарын ғана емес, Қазақстанның тәуелсіздік алған күнінен бастап бүгінге дейінгі оқиғалар куәсі іспеттес экспонаттарды да көре алады.

Жұртшылық назарына фотодерек туындылар, жеке заттар, кітаптар ұсынылмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат - Желтоқсан оқиғасынан қалған деректі жәдігерлердің арқасында тарихты обьективті сөйлету әрі жастардың отанына деген сүйспеншілігін ояту.

1986 жылы желтоқсанда Алматыда болған оқиғалар халықтың билікке деген табанды қарсылығының көрінісі болғаны аян.

30 мыңға жуық желтоқсан ереуілшілерінің ішінде 8515 адам ұсталып, 5 мыңға жуық өрімдей жас жігіттер мен қыздарды қақаған қыста айдалаға тастады.

2400 адам қамауға алынып, 1722 адамның денсаулығына орта дәрежеде зақым келтірілді.

Соңғы жаңалықтар