Желтоқсан-қаңтарда қатаң карантин енгізілуі мүмкін бе – министр Цойдың жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда желтоқсан немесе қаңтар айларында қатаң карантин шаралары енгізілуі мүмкін бе? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бұл сұрақ Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Апта сайын мәліметтерді зерттеп, алдағы кезеңдерге де болжам жасап жатырмыз. Қазір көріп отырғанымыздай, Қазақстанда карантин шараларын желтоқсан немесе қаңтар айларында енгізу мәселесі жағдайды қаншалықты бақылауда ұстай алатынымызға байланысты болады. Қазір коронавирус өршіген кейбір өңірде жұқтыру деңгейі төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз. Шығыс Қазақстанда мәселен жағдай реттеліп, жұқтыру деңгейінің төмендеу тенденциясын бақылаудамыз», - деді Алексей Цой.
Министр әйтсе де, жұқтыру бойынша өсім болатынын мәлім етті.
«Ең бастысы – жағдайды бақылауда ұстау. Қазір инфекциялық ауруханалар 22 пайызға, жансақтау төсектері 17 пайызға жүктелген. Яғни, резерв бар. Сондықтан қазір уайымдаудың қажеті жоқ. Бәрі бақылауда», - деді ол.
- Ақмола облысында карантин талаптарын бұзғандарға 26,7 миллион теңге айыппұл салынды
- Жаңа қаулы: 27-ші ақпаннан бастап Ақмола облысында қандай шектеулер алынады
- Алматы облысында вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды
- Коронавируспен күрес: Вакцинаның екінші партиясын жеткізу басталды
-
COVID-19: Ақмола облысында 34 мектеп қашықтан оқытуға көшті
-
Карантин: «Сары аймақта» тұрған өңірлерде сауда үйлері жексенбі күндері де істейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам