+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар шығарылады

2019 жылғы 25 қараша 12:03
Бөлісіңіз:
Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар шығарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» компаниясы желтоқсан айындағы мереке күндері 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық жолаушылар вагоны неліктен шетелде жөнделеді «Bek Air» ұшағына міне алмағандар қосымша пойызбен жолға шығатын болды 30 желтоқсанда Нұр-Сұлтаннан Алматыға қосымша пойыз жүреді

Пойыздар Тұңғыш Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесі күндері жүреді.

«Алматы-2 – Шымкент» бағыты бойынша 12 рейс «Алматы-2-ден» 28 қараша күні, желтоқсан айының 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 жұлдыздары және 2020 жылдың 2, 6 қаңтар күндері шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қаңтар күндері кері бағытта аттанады.

«Алматы-2 – Түркістан» бағыты бойынша 4 рейс «Алматы-2 –ден» 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері кері бағытта жүреді.

«Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша күнара Маңғыстаудан 28 қарашадан бастап 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 29 қарашадан бастап 2020 жылдың 7 қаңтарына дейін тақ күндері жүреді.

«Нұр-сұлтан-Шу» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» вагондарымен жасақталған 2 рейс 31 желтоқсаннан бастап 2020 жылдың 2 қаңтарына шенйін қатынайды.

Сондай-ақ, №712/711 «Нұр-сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» коммерциялық пойызы 8 желтоқсанынан бастап күн сайын қатынайтын болады.

Пойыз кестесіне қатысты сұрақтар бойынша, ұлттық тасымалдаушының Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуға болады (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT