Желтоқсан айында Ұлт тарихын зерделеу бойынша баяндама Елбасына ұсынылатын болады

None
None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың желтоқсанында «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы бойынша Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының нақты бағыттары Мемлекет басшысына баяндалуы қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин мәлім етті.

«Мен біздің мазмұнды жұмысымыздың басым бөлігі ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталуы қажеттігіне Сіздердің назарларыңызды аударғым келіп отыр. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында комиссия тарапынан Мемлекет басшысының атына біздің жұмысымыздың нақты бағыттарын белгілейтін арнайы баяндама әзірлеуіміз қажет. Бұл - өте күрделі әрі кешенді жұмыс. Сөзден нақты іске кірісу қажет», - деді М.Тажин.

Отырыс барысында «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасын әзірлеу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың атқарып жатқан шаралары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар