+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Желтоқсан айында ауа райы қандай болады

2019 жылғы 3 желтоқсан 16:15
Бөлісіңіз:
Желтоқсан айында ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желтоқсан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы қалыпты болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
9 тамызда Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, найзағай ойнайды 8 тамыз күні ауа райы құбылмалы болады Ауа райы: Еліміздегі 9 облыстың аумағында жел күшейіп, бұршақ-жаңбыр жауады

Республиканың басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы климаттық нормаға жақын, солтүстік және шығыс өңірлерде – нормадан 1°С төмен, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде 1°С жылы болады деп күтілуде.

ҚР аумағының басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты нормадан, ал республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде нормадан аз болады.

Оңтүстік циклонның шығуымен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-25 м/с жетуі мүмкін. Солтүстік өңірлерде боран, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан суық ауа массаларының ағынымен республиканың басым бөлігінде қалыпты аязды ауа райы күтіледі. Осыған байланысты ауа температурасының мынадай ауытқуы күтіледі, атап айтқанда: батыста, солтүстік-батыста түнде 3-15 градус аяз, оңтүстік-батыста 3, күндіз 2-3, оңтүстік-батыста 8 -10 градусқа дейін аяз болады.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3-8 жылы, кей жерлерде 5 -13 дейін күн суытады, күндіз 5-15 градусқа кей жерлерде 0-5 градусқа дейін жылынады. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5-15 градус, күндіз 12 аязға дейін суытады.

Кезекті суық толқындары екінші және үшінші онкүндерде оңтүстік-батыс бөлігінде түнде 10-20 градусқа аяз, күндіз 5-10 градусқа дейін суытады, солтүстік-шығыс бөлігінде түнде 20-35, ал күндіз 10-20 градусқа дейін аяз болады деп болжануда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT