«Желсіз түнде жарық ай»: Елбасы Мәскеудегі мерекелік концертті тамашалады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу қаласы күніне арналған мерекелік концертті тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

«Ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты әні. Елбасы Мәскеу қаласы күніне арналған мерекелік концертке барды», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Elbasy.kz сайтының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Мәскеу қаласының 872 жылдығын мерекелеудің ашылуына қатысты.



Биыл Ресей астанасының күні 80 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне арналған.
















Соңғы жаңалықтар