Желіге терминсымақтарды әдейі салады - Сауытбек Әбдіраxманов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдіраxманов әлеуметтік желілерге салынатын кейбір терминсымақтарға сенбеуге шақырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір әлеуметтік желілерде келеке қылатын «қылтима - балкон», «шаптырма - фонтан», «сарықисық - банан», «былқима, сылқима - диван, кресло» деген сияқты тұрпайы терминсымақтар терминкомда бекітілу тұрмақ, қаралған да емес, қаралу тұрмақ, ондай ұсыныс жасалған да емес. Терминнің маңында жүрген адамдар ондай арзан әңгімеге бармайды. Сондықтан бұндайды әлеуметтік желіге қазақ тілін мазақ ету үшін әдейі салатын араңдатушылық екендігін біз біліп отыруымыз керек», - деді С.Әбдіраxманов.

Депутаттың айтуынша, терминкомның ұзақ жылдық жұмысы зор. 31 томдық терминологиялық сөздік шықты. Оған Мемлекеттік сыйлық та берілді. Әрбір томда 13-14 мың термин бар.

«Сонда тасқа басылып, дефиницияланған терминдердің өзі шамамен 400 мыңның маңайында. Қазір де терминкомның жұмысына өте жақсы тәжірибе енді. Ол - әр сөзге түрік, әзербайжан, қырғыз, өзбек, түрікмен, ағылшын, француз, испан тілдеріндегі баламаларын қосып беру. Соларды қарап отырған кезде біз қырғыз ағайындардың, өзбек ағайындардың, түрікмен ағайындардың терминдерінен әлдеқайда ғылыми негізді терминдерді жасай аламыз», - деп атап көрсетті С.Әбдіраxманов.

Айта кетейік, бүгінгі жиында профессор Шерубай Құрманбайұлы терминологияның өзекті мәселелерін атап өтті. Осы орайда ғалым терминкомның құзіретін күшейту керек деп санайды.

Бұдан бөлек, терминдерді таңдағанда басшылықтың беделі басым болып кетеді.

Ал Аxмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек терминология сөздіктерін шығару жоспарлары туралы айтты.

Асығыс аударылған терминдер де жарияланды.

Соңғы жаңалықтар