Желіге порнографиялық фотосуреттерін жариялаған 24 жастағы көкшетаулық істі болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіге порнографиялық фотосуреттерін жариялаған Көкшетау қаласының 24 жастағы тұрғыны анықталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 9-11 ақпан аралығында облыс аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған «Anti-fraud» жедел алдын алу шарасы өтті. Шараның басты мақсаты – әлеуметтік желілерде порнографиялық сипаттағы фотолардың таралу фактілерінің жолын кесу. Осы ретте, ақпанның 10-да «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында белгісіз біреудің бүркеншік атпен Көкшетау қаласының аумағында порнографиялық сипаттағы фотосуреттерді таратумен және жарнамалаумен айналысып жүргендігі анықталды.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында Көкшетау қалалық ПБ жедел криминалды бөлімшесінің қызметкерлері Көкшетау қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өз кінәсін мойындады. Анықталғандай, ол өзінің жеке порнографиялық фотосуреттерін желіге орналастырған. Осылайша ол қыздардың назарын өзіне аударғысы келіпті», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, ер адамның үстінен Қылмыстық кодекстің 311 бабы «порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар