Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

Желіде жарылыстан кейінгі Арыстың видеосы жарияланды

2019 жылғы 25 маусым 16:35 4617
Бөлісіңіз:
Желіде жарылыстан кейінгі Арыстың видеосы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде жарылыстан кейінгі Арыс қаласының видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіде тараған видеоны Арыс қаласының тұрғындарының бірі көлікпен келе жатып түсірген болуы керек. Видеоны түсіріп келе жатқан жігіт үйлер мен ғимараттардың терезелерінің бәрі сынып кеткенін айтады. Арыстың кейбір тұрғындарының жарылыс кезінде сапырылыста тіпті көшеге көліктерін, велосипедтерін тастап кеткенін көруге болады.

«Құдай сақтасын. Мына тойхананы қара. Быт-шыты шығыпты. Қалада сау терезе жоқ», - деп көрсетеді видеоны түсірген тұрғын.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.  Апат салдарынан екі адам мерт болды. 

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.

 «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі   161200

БСН (БИН)    100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК)   KZ7196528F0007014540

БСК (БИК)     IRTYKZKA

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT