Желіде зейнетақы жинағының 50% кез келген мақсатта жұмсауға алып беретін алаяқтар көбейген

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалған делдалдар зейнетақы жинақтарының 50% кез келген мақсатта жұмсауға алып беруді ұсынуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЖЗҚ сілтеме жасап.
«Қор өз салымшыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуының жиілеп кеткенін ескертеді.Алаяқтар өздерін зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырады. Кез келген ақыл-кеңесті БЖЗҚ бөлімшелерінен немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне тегін қоңырау шалып қашықтан алуға болады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар