Желіде ягуар мен қолтырауын айқасының суреттері жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде ягуар мен қайман (қолтырауынның бір түрі) арасындағы айқастың суреттері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бразилияда саяхаттап жүрген фотограф Крис Бранскилл ягуар мен қайман арасында болған жаналып-жанберісер айқастың суреттерін түсіріп, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Жыртқыштар айқасы шамамен 20 минутқа созылған.

Жанберісер айқаста қолтырауын қаншама қарсылық көрсеткенмен нәтижесіз аяқталып, соңында ягуардың жемі болып тынады.

Соңғы жаңалықтар