Желіде Виктор Цой әндерінің негізінде қашықтықты сақтауға үндеген бейнеролик шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Өзіңді күт, абай бол» бейнеролигінің авторлары маска тағу, әлеуметтік қашықтықты ұстану, жақынының денсаулығына қамқор болуға шақырды. Олар аты аңызға айналған Виктор Цой әндерінің негізінде тұрғындарды сақтық шараларын қолдануға шақырып отыр. Әлеуметтік желіде ролик тез таралып, пайдаланушылар авторлардың бұл идеясын жақсы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдің масканы міндетті түрде тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау үндеуінен басталады. Одан кейін роликте медициналық қызметкерлердің коронавируспен тікелей күрес жүргізіп жатқан емханадағы кадрларды көруге болады.

Бұдан басқа, роликте жағдайды тұрақтандыруға үлесін қосып отырған еріктілер, полицейлер, санитарлардың жұмысы да көрсетілген.

Әнді орындаған - Петр Погодаев, мәтінін жазған – Дәуіт Шайхисламов, Мәлік Хасенов, Алексей Маклай және Санат Шапашов.

Осылайша, роликтің авторлары тұрғындарды өздеріне, жақындарына күтім жасап, маска тағуға, қашықтықты ұстануға және абай болуға шақырды.


Авторы: Арайлым Мұрат

Соңғы жаңалықтар