Желіде вакцина паспортына қатысты фейк ақпарат тарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мессенджерлерде жақын арада вакцина паспорты жоқ адамдар өз көліктерін оталдырып, дербес компьютерлер мен басқа да жабдықтарды қолдана алмай қалады деген хабар тарады. Болжам бойынша, вакцинация паспорттарында «ақылды» құрылғыларды іске қосатын QR код бар. Бұл кодтарсыз гаджеттерді пайдалану немесе көлікті оталдыру мүмкін болмайды екен. Бұл жалған, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.

QR код, қарапайым тілмен айтқанда, штрихкодтың жетілдірілген нұсқасы. Әдетте, QR кодтар кез келген ақпаратты оқу үшін қолданылады. Осындай жетілдірілген штрих-кодтардың көмегімен тауар немесе қызмет туралы деректерді алуға, құжаттың, іс-шараға немесе қоғамдық көлікке билеттің түпнұсқалығын тексеруге болады.

Вакцинация паспортында QR код бар. Қазақстандық вакциналау паспорттарында олар құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін қызмет етеді.
Еуроодақ елдеріндегі вакцинация паспорттарында адамның қашан, қайда және қандай вакцинамен егілгені туралы маңызды ақпарат берілген. Бұл туралы Еуропалық комиссияның ресми сайтында айтылған.
Мұндай QR кодтар оқу құрылғыларына зиян келтіре алмайды.
Кодты оқу үшін арнайы қосымшасы бар смартфон немесе интернетке қосылған компьютер қажет. Компьютердегі кодты оқу үшін арнайы сайтқа код кескінін жүктеу керек.
Кодта жазылған ақпаратты қолмен де тексеруге болады, бірақ бұған уақыт кетеді.
Көлікті басқарудың электронды блогы, компьютер немесе айналамыздағы басқа құрылғылар QR кодты өздігінен тани алмайды.
Демек, вакцинацияланбаған адамдар вакцинация паспортының QR-нан туындаған теріс әсерге байланысты автомобильдер мен техниканы пайдалана алмайды деген хабарламалар жалған болып табылады. Бұған ешқандай ғылыми негіздеме жоқ, ал құжаттардағы QR-кодтардың мазмұны құпия емес.


Соңғы жаңалықтар