USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Желіде тараған бала мен сарбаздың суреті Шымкентте түсірілген

2022 жылғы 13 қаңтар 19:24
Бөлісіңіз:
Желіде тараған бала мен сарбаздың суреті Шымкентте түсірілген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ел ішінде жаппай тәртіпсіздік орнаған кезінде әскери қызметшінің қолын алып тұрған баланың фотосы көпшілікті елжіретті. Бүгін сол суреттегі сарбаздың кім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан тұрақты әскер саны бойынша әлемде 70-орында тұр Шымкентте азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр

Фотодағы кейіпкер - Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6698 әскери бөлімінде қызмет ететін ефрейтор Шахрух Хасанов болып шықты. Ол 4 қаңтарда дабыл белгісімен қызметке келген. Содан Шымкент қалалық әкімдігінің маңына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шыққан.

«Сурет 7 қаңтарда түсірілді. Әкімдік алдындағы алаңда қызмет атқарып тұрғанымда бір кішкентай балақай жүгіріп келіп, сәлем берді. Баланың қолын алып, басынан сипап, әкесіне қарай жібердім», - дейді Шахрух Хасанов.

Ал осы сәтті сол маңайда түсірілім жасап жүрген «Otyrar tv» журналистері фотоға түсіріп алған. Желі арқылы тараған суреттің бүгінде анимациялық бейнесі де жасалып, әлеуметтік топтарда кеңінен таралып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қайрат Зайнишев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT