Желіде көптің құрметіне ие болған ТЖ лейтенанты 15 адамға арқасын төсеп, көлікке мінгізген

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Кешелі бері желіде егде адамға арқасын тосып, техникаға отырғызып жатқан әскери қызметшінің суреті көптің назары мен құрметіне бөленген болатын. Фотосуреттегі әскери қызметші - Төтенше жағдайлар комитетінің лейтенанты Бексұлтан Ибадуллаев болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әскери қызметші желі қолданушыларына Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-те таныстырды. Жас жігіт егде адамдардың бәріне арқасын тосып, көлікке отыруға көмектесіп жүрген.

«Біздің негізгі міндетіміз - адамдарды құтқару. Бізге хабарлама түскен кезде жүріс қуаттылығы жоғары техникамен адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге міндеттелдік. Уақыт өлтірмей адамдарды тез қауіпсіз аймаққа көшіру үшін жылдам әрекет жасау керек болды. Сондықтан, арқамды тосып, адамдарды тезірек техникаға отырғызуға тырыстық», - дейді Бексұлтан Ибадуллаев.

Еске сала кетсек, Арыстағы жарылыс салдарынан халықты эвакуациялау кезінде әйелді арқасын төсеп, көлікке мінгізген әскери азаматтың желіде танымал болғанын бүгін жазған болатынбыз. «Инстаграм» әлеуметтік желісінде тараған фотоға 1 мыңнан астам оң комментарий жазылып, 56 мың адам «ұнату» басқан болатын.

Соңғы жаңалықтар