Желіде қаңтар оқиғасы кезінде Дикий Арманды ұстаған видео пайда болды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде криминалдық авторитет Дикий Арманның Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арнайы операция Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өтті. Тінту кезінде одан қару-жарақ табылды.

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер Дикий Арман деген лақап атпен танылған Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны хабарланды. Кейінірек ІІМ криминалдық авторитеттің ұсталғаны жайлы толық мәлімет берді. Алматыдағы арнайы операциялар нәтижесінде Дикий Арман көш бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталды.

І ІМ мәліметінше, қылмыскерлер ұстау кезінде қарсылық танытқан. Ұсталған кезде күдіктілерден түрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автоматты тапанша, олардың оқ-дәрілері, суық қару мен брондалған автокөлік тәркіленді.


Соңғы жаңалықтар