Желіде Елбасының 1993 жылғы сирек кездесетін видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың Facebook -тегі ресми парақшасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 25-26 тамыздағы Ақтөбе облысына жұмыс сапары бойынша жаңалықтар сюжетінен үзіндісі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеода Мемлекет басшысының Шевченко ұжымшарының мал өсірушілерімен сөйлескен сәті бейнеленген.

«Біз дәулетті өмір сүргенімізді қалаймын. Мен де ауылдың жігітімін ғой. Малды қалай өсіру керектігін білемін. Қашан сауу қажеттігін, қашан суару керектігінен хабардармын. Бұл оңай шаруа емес. Бұл үлкен еңбекті қажет етеді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Соңғы жаңалықтар