Желіде діни экстремистік материалдар таратқан шымкенттік жауапкершілікке тартылды

Фото:
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте желі арқылы діни экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісінде тыйым салынған діни аудио-видео материалдарды таратқан Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынына 153 150 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аталған азамат ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Аталған аудио және бейнежазбалар діни сараптамаға жолданды. Нәтижесінде бұл материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салынғаны нақтыланды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар