Желіде Денис Теннің жаңа әні жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гәкку музыкалық телеарнасы Денис Теннің орындауындағы жаңа «She won't be mine» әнін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денис Тенді талантты музыкант ретінде мәңгі есте сақтайық. Ол жуырда өзінің жеке шағын альбомын шығаруды жоспарлап жүрген еді. Назарларыңызға Денистің «She won't be mine» атты әнінің ресми нұсқасын ұсынамыз. Туындыны біздің OfficialGakku телеграм-каналымыздан тыңдап әрі жүктеуге болады», - деп жазды музыкалық телеарна Инстаграм желісінде.

Спортшының өзі маусым айының соңында жаңа ән дайындап жатқанын хабарлаған еді.

She Won’t Be Mine. История создания. Скоро в сети. — Video: @hanzatkenes Studio: @erlanbekchurin #DTNmusic

Публикация от Denis Ten (@tenis_den) 20 Июн 2018 в 7:55 PDT


Еске салсақ, Денис Тен балалық шағында музыка, сондай-ақ басқа да спорт түрлерімен айналысып, түптеп келгенде, мәнерлеп сырғанауды таңдаған. Бұған дейін де Денис Тен жанкүйерлеріне бірнеше ән орындап берген еді.

 

Соңғы жаңалықтар