Желіде Атырау қаласының әкімі қызметінен кетеді деген жалған ақпарат тарады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласы әкімінің қызметінен кететіні туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін әлеуметтік желіде «Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновті Атырау қаласының әкімі етіп тағайындау күтілуде» деген ақпарат тараған еді.

Бүгін облыс әкімінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Атырау қаланың басшылығында кадрлық өзгеріс жасау облыс әкімдігінің жоспарында жоқ» -деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалған болатын.
Соңғы жаңалықтар