Желіде Алматының үстін торлаған қою түтін туралы видео талқылануда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындары қаланың қою түтінін құс ұшатын биіктен видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қою түтін видеосы желіде тарады.

«Казгидромет» РМК қаланың атмсофералық ауасы сапасы туралы мәліметтерімен бөлісті.

«2020 жылдың 29 желтоқсанынан 2021 жылдың 4 қаңтарына дейін қалада ауаның ластану көрсеткіштерінің шекті нормасы 1246 рет асқан. Әсіресе Бостандық ауданында, оның ішінде Орбита шағын ауданында (Тұңғыш президент паркі жанында) ауа өте лас», - деді баспасөз қызметінен.

Ресми мәліметтерге сәйкес, бұл орта тәуліктік ластану көрсеткіші. Ауа сапасын бақылау Алматыда 16 пост арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде 11 автоматтандырылған пост бар. Қалған 5 поста сынама қолмен алынады.

Ауа көбінесе РМ-2,5; РМ-10; диоксид және азот оксидімен ластанған.


Соңғы жаңалықтар