Желіде АҚШ-та маска тағудан бас тартқан оқушы туралы фейк ақпарат тарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда Флоридада мектептің екінші сынып оқушысы туралы жаңалық тарады. Ол сабақ кезінде маска тағудан бас тартқан, сондықтан мектеп әкімшілігі маска тағу режимін тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Сегіз жасар Фиона Лашелс мектеп кезінде маска тақпай қойған. Нәтижесінде ол сабақтан 38 рет шеттетілген. Сабақты көп өткізгендіктен оны мектептен шығарылуы ықтимал. Сондай-ақ, оқушы оқу жылының соңында емтихан тапсыра алмайтындықтан екінші жылға қалдырылуы мүмкін.

Үстіміздегі жылдың 14 қарашасында Фионаның оқуға оралатыны белгілі болды. Бұған сабақ кезінде міндетті түрде маска тағудан бас тарту себеп болды. Алайда, мектеп әкімшілігінің шешіміне екінші сынып оқушысы емес, штат билігінің балалардың маска тағуы мәселесін оқу орындарының өкілдері емес, ата-аналар шешуі керек екендігі туралы қаулысының шығуы әсер етті. БАҚ-тың хабарлауынша, 15 қарашадан бастап штаттың екі мектебінде, оның ішінде Фиона Лашелс оқитын мектепте бетперде тағу міндетті емес. Демек, кез келген оқушы ата-анасынан тиісті өтініш болған жағдайда сабаққа маскасыз қатысуға құқылы. Фионаның мектебінде ата-аналардың тек 10%-ы ғана сабақ кезінде маска тағу міндетті емес деп шешкен.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік желілерді қолданушылар екінші сынып оқушысының наразылықтары мектепте маска тағу режимін жоюға себеп болғанын айтып, фактілермен манипуляциялауда. Шын мәнінде, маска тағу режимі тек осы мектепте ғана емес жеңілдетілген жоқ. Флорида штаты билігінің шешімі барлық мектептерге қатысты. Фиона Лашеллстің өзі бір айдан астам уақыт бойы сабаққа қатыспаған, енді оның екінші жылға қалу қаупі бар.


Соңғы жаңалықтар