Желіде 20 мың теңгеге банкроттық рәсімдеуге көмектесетіндер пайда болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде банкрот мәртебесін рәсімдеуге көмектесеміз деушілердің хабарландыруы шықты. ҚазАқпарат тілшісі солардың біріне хабарласып, қызметі туралы сұрап білген еді.

«Сіздің жеке куәлігіңіз, банк алдындағы қарызыңыз туралы деректер керек. Біз одан әрі құжаттарды толтырып органға жібереміз. Өтініш екі аптадай қаралып, жауабы беріледі. Айта кететін жайт, егер банкрот мәртебесін алсаңыз, бес жыл кредит ала алмайсыз және шетелге шыға алмайсыз», - дейді өзін астаналықпын деп таныстырған азаматша.

Сондай-ақ, ол заң аясында жұмыс істейтінін қалай тексеруге болатынын түсіндірді.

«Қажет десеңіз жолығайық, біздің компания туралы жан-жақты таныса аласыз. Заңды жұмыс істейміз, консалтингтік қызмет көрсетеміз. Қызмет 20 мың теңге тұрады», - дейді ол.

Еске салайық, өткен жұмада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банкрот мәртебесін алудың заңды жолдарын айтып берген еді.

Сонымен қатар министрдің орынбасары алаяқтардан сақ болу керектігін де ескертті.

Еске салайық, 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды. Аталған процесс туралы толығырақ осы сілтеме арқылы танысуға болады.

31 наурыздағы жағдай бойынша елімізде 34 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға өтініш берген.

Одан бөлек, вице-министр банкроттыққа берген өтінішіңіз қабылданбаса не істеу керектігін айтты.


Соңғы жаңалықтар