Жел, жауын, көктайғақ - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын болып, батыстың кей жерлерінде түнде қатты жауын жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, кей жерлерде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел соғады.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар