01:48, 16 Қазан 2021 | GMT +6
Жел, тұман, жаңбыр: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 16 қазан күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауқымды антициклон республиканың басым бөлігіне әсерін тигізеді. Сондықтан жауын-шашын жаумайды.
Дегенмен еліміздің батыс және солтүстік-батысында циклонға байланысты жаңбыр жауады.
Қазақстанның солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел күшейеді, екпіні 22-27, кей кезде 30 м/с асады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік және оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батыс және солтүстігінде тұман болады.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.