Жел, тұман, көктайғақ – сейсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбіде еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
1 желтоқсанда фронталды бөліктердің әсерінен оңтүстікте, оңтүстік-батыста кей жерлерде жаңбыр немесе қар жауады, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталықта – аздап қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз өңірде көктайғақ болуы ықтимал.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал, Ақмола облысының кей жерлерінде – жаяу бұрқасын соғады.
- «Қазгидромет»: СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- Жеті қалада ауа сапасы нашарлайды
- Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады – сейсенбіге арналған ауа райы
- Алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
-
«Қазгидромет» алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады
-
Үш қалада ауа сапасы нашарлайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам