Жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады: Қазидромет 19-шы ақпанның ауа райы болжамын жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет»РМК-сы 19-шы ақпан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 19-шы ақпанда Скандинавия циклонның жырасымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігіндекүн құбылмалы болады.

Соған байланысты қар жауып, жаяу бұрқасын болады, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.


Соңғы жаңалықтар