Жел құлатқан «BURABAY» жазуы қалпына келтіріліп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучинск қаласындағы телемұнараның үстіне орнатылған «BURABAY» жазуы қалпына келтірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.    

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 қазанында соққан қатты желдің салдарынан АҚШ-тағы Голливуд жазуына ұқсатып қойылған «BURABAY» жазуы жартылай құлап қалған болатын.

Сол кезде Бурабай ауданының әкімдігі брендтік типтегі жазу міндетті түрде қалпына келтірілетінін айтқан болатын. Әзірге, қалпына келтіру жұмыстары барысында жазудың  «BURAB...» бес əріпі тұрғызылды. Басталған жұмыстар жақын күндері толық аяқталмақ.

Айта кету керек, «BURABAY» жазуы ағымдағы жылдың шілде айында демеушілер қаражаты есебінен Щучинск қаласының іргесіндегі Бурабай тауына орнатылған болатын. Жазудың биіктігі - 14 метр, ал ұзындығы 60 метрді құрайды. Жазу түнде түрлі түспен жанып тұрды. 

Соңғы жаңалықтар