Жел, көктайғақ, тұман: 27 ақпанға арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 27 ақпанда ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республиканың шығысына антициклон ықпал етеді, ал батыс бөлігіне Солтүстік-батыс циклоны келеді.

Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады.

Батыста жаңбыр мен қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашын жаумайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Боран соғып, жел күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде - жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түседі. Күндіз кей жерлерде жел қарқыны - 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында бұрқасын көтеріледі. Кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с.

Жамбыл обласының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз кей жерлерде жел қарқыны - 15-20 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысында көктайғақ болжанады.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде қатты аяз болады.

Соңғы жаңалықтар