+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Жел, көктайғақ, бұрқасын – дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

2019 жылғы 2 желтоқсан 01:27
Бөлісіңіз:
Жел, көктайғақ, бұрқасын – дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Қар, көктайғақ, боран: 3 желтоқсанға арналған ауа райы Қазақстанның 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстан территориясының басым бөлігі циклонның әсерінде болғандықтан дүйсенбі күні кей жерлерде қар жауады. Тек солтүстікте және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал, Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бурқасын, жел 18 м/с күшейеді.

Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Түркістан облысының кей жерлерінде, Алматы облысының Алакөл ауданында жел тұрып, 15-22 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT