Жел, бұршақ, шаңды дауыл – сәрсенбіге арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың солтүстік-батыс аумағы циклонның және сонымен байланысты фронтальді бөліктер ықпалында болады. Кей жерлерде дауыл, жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте және орталықтың кей жерлерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының шаңды дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Алматы облысында қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар