+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылғы 16 тамыз 01:40
Бөлісіңіз:
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – Қазгидромет 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қара теңіз аймағындағы циклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді.

Кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың шығысы және оңтүстік-шығысы жоғарғы атмосфералық қысым алқабында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстігінде және шығысында тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батыста найзағай күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, күндіз Маңғыстау облыстарының жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл, түнде кей жерлерде найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында - түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Күндіз Алматы облысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT