+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

2020 жылғы 16 ақпан 06:10
Бөлісіңіз:
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды Аптап ыстық, күшті жел - 8 облыс аумағында ескерту жарияланды 12 шілде күнгі ауа райы болжамы

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Қарағанды, Қостанай, Ақмола, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 30 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында боран соғады.

Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT